10 қаңтар 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген “Ақ жол” демпартиясының Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев филиал активімен және әртүрлі сала мамандарымен кездесті.
Кездесуге партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Бекнұр Бисенов, Жалғас Агисов, Наурызбек Тилепов, Жалғас Бекеев, сондай-ақ, филиал мүшелері, білім, денсаулық, өндіріс саласының мамандары және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, жас тарихшылар мен жас алаштанушылар қатысты.
Жиынды барысында депутат «Ақ жол» демпартиясының 2024 жылғы жұмысының
кейбір нәтижелері атап өтті.
Сондай-ақ түрлі саладағы, оның ішінде спорт, субсидия, мемлекеттік сатып
алу т.б. мәселелерін талқылап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Мұнан соң өткені жылы елімізде болған су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға көрсеткен қызметтері үшін, Атырау халқы атынан алғысын білдірді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағында болған су тасқынының салдарын жобға белсенді қатысқаны үшін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен кәсіпкер, Жандарбек Жанғожин марапатталды.
Сонымен бірге 2024 “Ақ жол” партиясы Президиумы және ҚР Ұлттық индустриялды
палатасы басқармасының атынан ұзақ жылғы
қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасынының қалыптасуына қосқан жеке үлесі
үшін, “ЕҢБЕГІМ ЕЛІМЕ” медалі “Көмек Жаңаөзен” қоғамдық қорының басшысы Ардақ
Смағұловқа табысталды.
Ал, Алаш идеясы, ұлттық бірегейлікті насихаттауға, Қазақстанның мемлекеттілігі мен мүддесін, демократия және парламентаризм ұстанымдарын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін “Qazaq Republic Alash” медалімен кәсіпкер, Жалғас Бекеев марапатталды.
Сондай-ақ 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласының маңында болған ұшақ
апаты кезіндегі қиын жағдайда ерлік көрсетіп, адам өміріне араша түскен
“Каспиан Оффшор Констракшн” ЖШС қызметкері Эльмира Акибаеваға “Ақ жол”
партиясының Ұлттық Кеңесі атынан “АДАМ ҚҰТҚАРҒАНЫ ҮШІН” медалі табысталды.
Және де осы ұшақ апаты кезінде алғашқы медициналық көмек көрсеткен облыстық
жедел және шұғыл медициналық станциясына қарасты Мұнайлы аудандық жедел-жәрдем
бөлімшесінің 13 фельдшері “АДАМ ҚҰТҚАРҒАНЫ ҮШІН” медалімен марапаталды.
Сондай-ақ Жедел-жәрдемнің 8 көлік жүргізушісіне және “Каспиан Оффшор
Констракшн” ЖШС-нің 7 қызметкеріне “Ақ жол” демпартиясының Ұлттық Кеңесінің
атынан алғыс білдіре отырып, Ақтау маңында болған ұшақ апатының
авариялық-құтқару жұмысын жүргізу кезінде батылдық пен жанқиярлық көрсеткендері
үшін, партия төрағасы Азат Перуашевтің АЛҒЫС ХАТЫ табысталды.
Ал ұшақ апатының салдарын жоюға қатысқан, табиғи апаттарға қарсы күресте
табандылық пен батылдық танытқан Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар
департаментінің 10 қызметкері “Ақ жол” демпартиясының Ұлттық Кеңесінің атынан
“АПАТПЕН КҮРЕСКЕНІ ҮШІН” медалімен марапатталды.
Және де Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, ұстаз Мейрамгүл Кенжебаева Маңғыстау облысының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен марапатталды. Ал қоғам белсендісі Динара Мырзабаева су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін үйлестіруге қосқан үлесі үшін, Маңғыстау облысы мәслихатының АЛҒЫС ХАТЫмен марапатталды.
Сонымен қатар 2024 жылдың 8 желтоқсанында Маңғыстау облыстық мәслихаты
депутаттарының шығып қалған орнына өткен сайлауында “Ақ жол” партиясының
намысын қорғап, сайлаудың әділ өтуін қрағылықпен қадағалап, ұсынылған
кандидаттың саяси белестен абыроймен өтуіне және түрлі кедергіні еңсерген 16
сенімді өкілге “Ақ жол” демпартиясының Ұлттық Кеңесінің атынан алғыс білдіре
отырып, партия төрағасы Азат Перуашевтің АЛҒЫС ХАТЫ табысталды.
Сондай-ақ “Ақ жол” партиясы жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі “XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” жалпыұлттық байқауына белсенді үлес қосқан 15 жас алаштанушылар филиал төрағасы Батыржан Қорғанбаевтың АЛҒЫС ХАТЫмен марапатталды.
Мұнан соң Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев “Ақ жол” партиясының мүшесі болуға
өтініш білдірген 4 азаматты партия қатарына қабылдап, оларға партиялық билет
пен партия төсбелгісі берілді.