3 шілде 2025 жыл, Атырау
облыстық филиалы
2025 жылдың 3 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ерубаевтың
сапары Исатай, Құрманғазы аудандарында жалғасуда. Алғашқыда Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылындағы салынып жатқан көпір құрылысымен танысу
болып, онда «КазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалы басшылары және ауылдағы Ұ.Сабыров көшесінің тұрғындары
өз ойларын айтты. Мұндағы басты мәселе – «Атырау-Астрахань» тас жолының ауыл
тұсынан салынған жаңа көпірінің ауылды екіге бөліп тастап, жаяу тұрғындардың
жолдан қауіпсіз өтуіне жағдай жасау. Соған назар бөлу сұралды.
Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде ауылдың тыныс-тіршілігі
әңгіме өзегі болды. Депутат әркез халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс
жасайтынын айтып, ауыл тіршілігіне мемлекеттің қолдауымен болып жатырған
бағдарламалар аясында өркендеп келе
жатқанына тоқталды. Өзіне сенім артып, жылы қабылдаған тұрғындарға ризашылығын
жеткізді. Бұл жолы тұрғындардың айтқан мәселелері шешімін табатынын, ол
үшін ниет түзу, сана сергек, мақсат айқын да биік болуы
қажеттігін айтты.
Исатай ауданынан кейін «Атырау-Астрахань» тас жолының жағдайымен
танысумен жалғасты. Онда атқарылып жатқан жұмысын саралап, өз ойларын
айтты. Тас жол бойындағы салынған терминалдарды
көзбен көріп, олардың халық игілігіне жұмыс жасап бастағандары көңілге қонымды жағдай
екенін атап айтты. Сондай ақ депутат жол
бойындағы кемшіліктерге тоқталып, өз пікірін білдірді. Негізінен жол сапасы, мердігерлердің
жауапкершілігі баса айтылды.
Одан әрі сапар Құрманғазы ауданы
аймағында болды. «Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Құрманғазы өткізу
пунктіндендігі жүк көліктерінің кептелісі – жергілікті тұрғындардың жиі көтеріп
жүрген өзекті мәселесі. Осыған байланысты ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
Серік Сәрсенұлы Құрманғазы ауданының әкімі
А.Жанғалиев, аудандық мәслихат төрайымы Г.Қалиева және аудандық мәслихат
депутаттары, полиция департаменті, Әкімшілік полиция басқармасы жол және
техникалық инспекциясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы
Т.Ақболатов және «КазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалы басшысымен бірге арнайы «Қазақстан мен Ресей шекарасындағы
Құрманғазы өткізу пунктіне барып, оның
проблемалармен танысып, өзекті мәселелерін тыңдады. Онда өткізу пунктінің инфрақұрылымын
жетілдіру, мемлекеттік кірістер
департаменті қызметкерлерінің штаттық қорын көбейту, ауыз су тапшылығы туралы
мәселелері көтерілді. Сондай-ақ посттың
аумағының тарлығы, мамандардың
аздығы салдарынан көлік құралдарының кептелісі болатыны жөнінде айтылып,ондағы жолды кеңейту
туралы ұсыныс берілді. Кеден өткізу бекетінің жұмысымен қатар қызметкерлерінің де тұрмыс-тіршілігі, жай-күйімен танысып, олардың
қызметіне сәттілік тіледі. Мәжілісмен осы түйткілді мәселелерді көзбен көріп, орын алған
проблемаларды жауапты органдармен бірлесіп шешу қажеттігін атап айтты.
Тас жол бойына терминалдар салу, жарықтандыру мәселелері бойынша «КазАвтоЖол» АҚ басшысына ұсыныстар берілді. Олар
өз кезегінде айтылған ұсыныстарды ескеріп,тез арада шешімін табатынын жеткізді.
Сапар аясында Мәжілісмен Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылының тұрғындарымен
кездесу өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Олар мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері,
субсидиялаудағы кейбір қарама-қайшылықтар, ауыз су,жем-шөп мәселелері, ауылда түйе малының өлімі өршіп
тұрғаны жайлы мәселелерді көтерді.
Іс сапар соңында Құрманғазы селосындағы «Zin-Dar»ЖШС-і жеке стоматология клиникасына барып, оның
жұмысымен танысып, клиника ұжымын өткен
медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекелерімен құттықтап, мекеме басшысы
Ү.Зинетоллақызына »Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Т.Перуашевтың
«Алғыс Хаты» мен партияның «Еңбегім
еліме» медальін табыстады. Ұжым мұшелері ризашылықтарын айтты.




