08
Шілде

Серік Ерубаев Казталов ауданындағы аудандық сот ғимаратының жағдайымен танысты

8 шілде 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданына жұмыс сапары барысында аудандық сот ғимаратының жағдайымен танысты.

Аудандық соттың қазіргі ғимараты уақыт талабына сай келмейді: техникалық тұрғыда ескірген, ішкі кеңістігі шектеулі. Қызметтік бөлмелердің тарлығы, сот залының өте шағындығы — сот процесінің ашықтығы мен тиімділігіне кедергі келтіретін негізгі мәселе.

Сот қызметкерлері жаңа, кең әрі заманауи талаптарға сай ғимарат қажеттігін атап өтті. Бұл — аудан тұрғындарына сапалы құқықтық қызмет көрсету үшін аса маңызды.

«Аудандық сот сияқты стратегиялық маңызы бар мекеме тиімді жұмыс істеуі үшін заманауи, кең әрі ыңғайлы ғимаратта орналасуы тиіс. Қызметкерлер де, тұрғындар да жайлы жағдайда болуы керек. Қазіргі жағдай бұл талаптарға сай емес, мәселе назарымызда», — деді Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев.