1 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай “Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық
филиалының Меркі аудандық үйлестірушісі Серік Мақажанов ауданның өркендеуі
жолында кезінде үздік жұмыс жасаған еңбек ардагерлерін және құрметті қарияларды
шақырып, ақ дастархан жайып, салтанатты жиын ұйымдастырды.
Серік Мақажанов қариялардың ауданның әлеуметтік-экономикасын дамытуға
қосқан үлестерін атап өтіп, әлі күнге қоғамдық іс-шаралардан тыс қалмай, жас
ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келе жатқандары үшін алғыс айтты. Қазыналы қарттарға
қаржылай сыйлықтар тапсырып, естелікке бағалы сый-сияпат жасады.
Қариялар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар кездесуге қатысқан 50 еңбек ардагеріне Меркі шипажайында 1 жыл ішінде
демалуға мүмкіндік беретін 250
мың теңгелік сертификат табысталды.
Қариялар Серік Амангельдинұлына ризашылықтарын жеткізіп, ақ баталарын
беріп, “Ақ жол” партиясының жүргізіп жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

