08
Шілде

Серік Мақажанов колледж түлектеріне жолдама және көтерме сыйақы табыстады

8 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» демпартиясының Меркі ауданындағы үйлестірушісі Серік Мақажанов басқаратын «Меркі» шипажайы мен аудандағы техникалық және кәсіптік білім беретін №9 «Меркі» колледжінің арасында 4 жыл бұрын маман даярлау ісіне қатысты ортақ меморандум жасалған. Аталған меморандум шеңберінде студенттер жыл сайын дуальдық білім беру жүйесі бойынша шипажайда өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік алған. Сондай-ақ диплом алған мамандар «Жастар тәжірибесі» бойынша еңбек етіп, сынақ мерзімінде жақсы қырынан көріне білгендер жұмысқа қабылданады.

Серік Мақажанов биыл «Меркі» колледжінің бітіруші түлектерінің ішінде Данил Хегай есімді ІТ маманын жұмысқа қабылдап, бір айлық көлемінде көтерме сыйақы тағайындап отыр.

Оқу орнында өткен диплом тапсыру салтанатында Серік Мақажанов «Ақ жол» партиясы бағдарламасының басым бағыттарын айта келе, жастарды қолдау бағыты бойынша қолға алған іс-шараларына тоқталды. Данил Хегайға диплом және жұмысқа жолдама, қаржылай сыйақы тапсырды. Басқа да жас түлектерге дипломдарын табыс етіп, алдағы еңбек жолдарына сәттілік тіледі.