27
Маусым

Серік Мақажанов экотуристерге демеушілік жасады

27 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Меркі ауданында экотуризмді дамыту мақсатында тау шатқалына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Жастар және кәсіби фотографтар мен журналистер Меркі тауларындағы тау аңғарларына барып, белгілі бір биіктікке дейін көтерілді. Экотуристерге осы аңғарда қандай флора өсетіні түсіндіріліп, емдік мақсатта қолданылатын шөптер таныстырылды.

Экотуристердің арнайы формасын дайындауға кеткен қаржыны және жол шығынын “Ақ жол” демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшесі, Меркі бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандағы партия үйлестірушісі Серік Мақажанов көтеріп, демеушілік жасады.