06
Шілде

Серік Мақажанов экотуристік жобаға қолдау көрсетуде

6 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Меркі ауданында экотуризм жобасы жалғасын табуда. Аталған бірегей жобаны дамытуға атсалысып жатқан азаматтардың бірі – «Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының Меркі ауданындағы үйлестірушісі Серік Мақажанов.

Меркі ауданының жері негізінен таулы аймақ саналады. Таудың ұшар басында, Ақтоған ауылынан жүз шақырым қашықта орналасқан құпияға толы Көккөл бар. Тау аңғарлары флора мен фаунаға бай. Осы кереметті жас ұрпаққа көрсетіп, таныстыру мақсатында экотуристік жобасы қолға алынған.

«Таудың саф ауасының өзі денсаулыққа пайдалы. Ал аңғарларында түрлі дертке дәру емдік өсімдіктер өседі. Емдік шөптердің қасиеті, қандай ауруға қарсы қолданылатыны зерттеуді қажет етеді. Экотуризмнің бір мақсаты осы. Елжанды азаматтар осындай жобаларды ілгерілетуге атсалысуы тиіс», - дейді «Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшесі, Меркі бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандағы партия үйлестірушісі Серік Мақажанов.