23
Тамыз

Серік Мақажановтың бастамасымен ауқымды экологиялық акция өткізілді

23 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының Меркі ауданындағы үйлестірушісі, табиғат жанашыры, кәсіпкер Серік Мақажановтың бастамасымен Меркі тау шатқалында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының шеңберінде 110 адам қатысқан ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Серік Амангелдіұлы төрағалық ететін «Меркі» бастауыш партия ұйымының мүшелері, аудан жастары қатысқан сенбілік кезінде тау шатқалының 5,5 гектар аумағы тазартылып, 12 тонна қураған ағаштар мен қоқыстар шығарылды.

Игі істерге бастамашы болып жүретін ақжолдықтар экологиялық акцияға да өз үлестерін қосуда.