11 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының Меркі ауданындағы
үйлестірушісі Серік Мақажановтың демеушілігімен ерлер арасында шахматтан
аудандық ашық чемпионат өтті.
Жеңістің 80 жылдығына арналған шахматшылар жарысына 40 адам қатысты.
Шахмат ойыны – жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Ақыл-ойды дамытатын
білім. Адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.
Ойнау логикасы зейінді дамытуға әрі ойыншының дүние танымының кеңеюіне
көмектеседі әрі ойды сергітеді.
Сондықтан, шахматшылар Меркі шипажайының АКТ залында өткен жарысқа ішкі
дайындықпен келді. Турнирде қатысушылар
тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жарысты қыздыра түсті.
Серік Мақажанов өз шеберлігін көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді
ақшалай және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.
