Серік Шабановқа ақ жол тілейміз! /Мақсат Жақау «Ақ жол» ҚДП төраға кеңесшісі/ - Казак yнi (Алматы)
Біз білетін ұлтжанды әрі қайырымды азамат Серік Шабанов Қызылорда қаласының тумасы. Тұран университеті мен Қазақтың мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Ол өз кезегінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, әскери және саяси дайындықтың үздігі атанған. Еліміз бен халқымыздың тарихына бір адамдай қанық әріптесіміз — кешегі алашордашыл зиялылардың ұстанымы мен идеясын арқалап жүрген ізбасар ұрпақтың бірі. Серік Тынымбекұлы казак, түрік, орыс және неміс тілдерін жетік меңгерген.
Кезінде Медеу ауданына қарасты «Фатима» мешітін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, оның айналасын шарбақпен қоршатып, безендіріп, аяқжол жасатуға, сондай-ақ қосалқы құрылыстарын жүргізуге атсалысқан. Сондай-ақ бірқатар балабақша мен балалар алаңдарын ретке келтіруге ұйытқы болған. Сонау Қызылағаштағы табиғат апатына ұшырағандар үшін қаржылай әрі азық-түлікпен көмектесушілердің қатарында бүкілхалықтық қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, жергілікті тұрғындардың алғысына бөленген.
Серік Шабанов жастар тәрбиесімен айналыса отырып, спорттық» патриоттық шаралар өткізуді де назардан тыс қалдырған емес. Алматының Медеу ауданында өз алдына қоғамдық қабылдауын құрып, 2011 жылдан бері халыққа тәжірибелі заңгер ретінде құқықтық-әлеуметтік, қайырымдылық тұрғысынан тиісті көмегін көрсетіп келеді.
Бүгінгі таңда ол жетім балалар үйінен бес жасар қызды асырап алып, өз отбасында тәрбиелеуде. Бүл күндері әр жылы мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде бірнеше бүлдіршінді уақытша тәрбиелеуге алшын отбасылар қатары өссе, соның бірі - осы Серік Тынымбекұлының жанұясы. Оның ұстанымы: «Жетім керсең жебей жүр!».
Серік Тынымбекұлы 2003 жылдан бері «Ақ жол» партиясының мүшесі Талай қиын-қыстауды бірге өткеріп, конструктивтік ұстанымынан ешқашан айнымаған саясаткер десек те артық емес. Имандылық пен азаматтықты қатар алып жүрген замандасымыз, 26 қазанда өтетін Алматы қалалық Мәслихатының депутаттығы сайлауына Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Медеу және Алмалы аудандарының №31 сайлау округы бойынша екінші рет өз кандидатурасын ұсынуда. Сайлау науқаны кезінде, Серік Тынымбекұлы бюджеттің мақсатты жұмсалуын қадағалау, аймақтағы жемқорлықпен күрес, округ кәсіпкерлері мүдделерінің қорғалуы, ПИК қызметтерінің ашықтығы, көшелердің тазалығы, жарықтандырылуы мен асфальтталуы, балалар алаңдарының құрылысын жаңғырту, мектепке дейінгі мекемелерді дамыту, қала жастарының жұмыспен қамтылуы сияқты мәселелерді шешуге күш салмақ.
Алматы қаласындағы жергілікті мәселелерді жетік білетін әрі табанды күрескер Серік Тынымбекұлына саяси талабыңыз оң болсын демекшіміз. Халықтың мәселесі негізгі бағытыңызбен, партияның бағыт-бағдарымен үндес болғандықтан, Сізге партиялық ыстық қолдауымызды жеткізгіміз келеді.
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 41 (650), 21.10.2014