6 наурыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда облысы, Қазалы аудандық
мәслихатындағы депутаты Ш.Асқарова көктем айының шуақты мерекелеріне орай №17
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп қабырғасында Қазалы аудандық Аналар кеңесінің
ұйымдастыруымен өткен «Қыз тәрбиесі - Анадан» тақырыбындағы тағылымды шараға
қатысты. Шараның негізгі мақсаты - қыз
бала тәрбиесіндегі ананың рөлін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Ш.Асқарова «Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлі», «Ана мен
қыз арасындағы қарым қатынас», «Қыз тәрбиесіндегі мектеп пен қоғамның орны»
сынды өзекті тақырыптар аясында өз ойы мен пікірін айтып, қатысушыларға ана
ретінде ақыл-кеңестерін берді.
Шара соңы оқушылар мен ата-аналардың концерттік бағдарламасына ұласып,
әйел-аналарға гүл шоқтары ұсынылды.