01
Наурыз

Шаған кентінде жаңа мектеп пен балабақша салу мәселелері талқыланды

1 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі, Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлы Жаңасемей ауданындағы Шаған кентінде тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар білім саласына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жаңа заманауи мектеп пен балабақша салу қажеттілігі айтылды.

Бұл мәселелер Шаған кентінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және балалардың сапалы білім алуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Ермек Төленұлы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, аталған мәселелерді шешу үшін барынша күш салатынын, әрі жоғары деңгейде талқылауға қатысатындығын атап өтті.

Мұндай кездесулер аудан тұрғындарының пікірін ескере отырып, олардың қажеттіліктеріне сай шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.