02
Сәуір

Шакизада Асқарованың қатысуымен "Таңғажайып наурыз" атты мерекелік концерт өтті

2 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда облысының Қазалы ауданындық мәслихатындағы депутаты Ш. Асқарованың қатысуымен Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Ақтілек кафесінде "Таңғажайып наурыз" атты аудандағы ерекше балалармен олардың ата-аналарына арнап, дастархан жайылып, мерекелік концерт қойылып, арнайы сыйлықтар үйлестірілді. Ш. Асқарова қайырымдылық шарада балақайлар мен олардың ата-аналарына құттықтау сөз сөйлеп, ерекше балаларға өзі мүшесі болып табылатын Аналар кеңесінің атынан арнайы әзірленген сыйлықтарды табыстады.