16
Қантар

Шала заң шатақ туғызды /Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты/ - Жас казак (Алматы)

 
Байыптап қарасақ, баланы автоорындыққа таңу - қажетті талап, бастысы - қауіпсіздік. Ата-ананың көбінесе бұған Немкетті қарайтыны рас. 3 жасқа дейінгі баласын қолына ұстайды. Соның нәтижесінде қаншама бала көз жұмуда. БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, 2014 жылы елімізде жол апатынан 89 бала опат болып 1704 жеткіншек әртүрлі деңгейдө жарақат алған, Жыл басталмай жатып, биыл 6 жолаушы бала көз жұмып, 17 бала майып болды. Осыдан кейін, жол қауіпсіздігіне қатысты 12 жасқа дейінгі балаларды автоорындыққа отырғызуды міндеттейтін талап күшіне енді. Алайда осы қағида қоғамды дүрліктіріп жатыр. Heгe?
Бірінші себеп. Қазір елімізде тіркелген 4,5 млн (ҚазТАГ мәліметі) автокөлік бар екен. Егер автожүргізушілердің шамамен төрттен бірінің 12 жасқа дейінгі баласы бар делік, Онда бір мезгілде 1 миллионға жуық автоорындыққа сұраныс түседі. Бұл мүлдем іске аспайтын нәрсе. Егер отбасыда үш немесе одан да көп бала болса ше? Демек, «Жол жүру туралы» Заң мең еліміздегі жолдағы жүру жаңа талаптары бір сәтте орындау мүмкін емес. Өкініштісі сол, бұл норма қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың артуына алғышарт туғызып отыр,
Екінші себеп — нарықтағы дүрлігу. Норма енгізілген күннен бастап автоорындықтардың бағасы «секіріп» кетті. Баласы бар жолаушыға такси түгіл, жай көліктің өзі тоқтамайды. Кейбір жағдайда таксипаркі автоорындық орнатқаны үшін жол құнына қосымша 200-300 теңге қосуда. Ал қалалықтар шарқ ұрып таба алмаған орындықты ауыл тұрғындары қайдан алады? Олар кез келген автокөлікпен жүре алмайды.
Үшінші себеп — І2 жасқа дейінгі баланы автоорындыққа таңуды міңдеттеу тым артық. Мысалы, Бельгия мен Данияда — З жасқа дейінгі баланы, Жапонияда - 6 жасқа дейінгі баланы арнайы таңатын құрылғымен отырғызу міндеттелген. Финляндияда З-12 жас аралығындағы балаға автоорындық пайдалануға кеңес беріледі. Бірақ міндеттелмейді. Аталған заң жобасын талқылау кезінде «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары еуропалық тәжірибе негізінде 12 емес, 7 жасқа дейінгі балалар үшін бекіту құрылғысын міндеттеуді ұсынды. Бірақ Ішкі істер министрлігінің ұстанымы басым түсті.
Сол себептен автоорыңдық туралы норманы бір жылға шегеруді ұсынамын. Неге? Аталған заң жобасы Мәжілісте бір жылға жуық қаралса да, тереңірек талқыланбады. Пікірталас өтпеді. Қоғамға түсіндірілген жоқ. Бұл мәселені кәсіпкерлермен де талқылау қажет еді. Олай болмады. Осындай жағдай 2006 жылы Ресейде орын алды. Ресей үкіметі осыған ұқсас норманы қолданысқа енгізуді бір жылға шегерді. Яғни 1 жыл мерзім заңдағы норманы қайта қарап, азаматтарды дайындауға жетеді. Ал автоорыңдықты 6 жасқа дейінгі балаларға міндеттеп, ал 6-12 жас аралығындағы балалар үшін кеңес беру тұрғысынан қалдыруымыз қажет. Қауіпсіздік қымбат. Бірақ соған қол жеткізу үшін жақсылап ойланғанымыз абзал. Сондай-ақ қазіргі ережеге сәйкес, қандай жағдай болмасын барлық жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағынуды қаперінен шығармағаны жөн.
 
Дерекнама - Жас казак (Алматы), № 1 (521), 16.01.2015