25 шілде 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы
Батырбек Мырзакелдіұлы Түркістан
облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, Отырар ауданына жұмыс сапарымен
барды. Іс-сапар барысында Шәуілдір ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық
жайлы мектептің құрылыс барысын бақылап,
құрылыс басшысымен жұмыс барысын талқылады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. «Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатқан заманауи үлгідегі ғимаратта оқушылардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай қарастырылады. Жоба құны – 5,5 млрд теңге. «Inteqra Construction» ЖШС құрылыс жұмыстарын өткен жылдың маусым айында бастаған. Нысанды осы жылдың қараша айына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Жердің жалпы ауданы 3,0 гектар жерді құраса, ғимараттың ауданы – 8 419,71 м2.