9 тамыз 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берді.
Кездесу барысында Нұргүл Шәмшиева жаңа оқу жылына дайындықтың барлық маңызды аспектілерін атап өтті. Оқу орындарының дайындық деңгейі, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мұғалімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Басқарма басшысы білім беру саласының маңызды аспектілеріне ерекше көңіл бөлді, әсіресе, сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Отырыс барысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары, Мұхтар Шимиров Ноян Назарұлы, Исламбек Тулебаев, қала тұрғындары тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстарды да басқарма басшысына жеткізді. Бұл ұсыныстар мектептердегі білім беру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және білім беру мекемелеріндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Депутаттар тұрғындар тарапынан келіп түскен пікірлерді ескере отырып, білім беру саласының жақсаруына үлес қосуға ниетті екендіктерін білдірді.
Нұргүл Шәмшиева депутаттар мен қала тұрғындарының ұсыныстарын назарға алып, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Бұл кездесу қаланың білім беру саласын
одан әрі дамытуға және жаңа оқу жылына дайындықты жоғары деңгейде өткізуге бағытталған
маңызды қадамдардың бірі болды.