10
Тамыз

Шымкент қаласында Абай күні атап өтілді

10 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласында Абай күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Алдымен қала тұрғындары мен билік өкілдері ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы да қатысып, партия атынан гүл шоқтарын қойды.

Қатысушылар Абай музейін аралап, ондағы тарихи жәдігерлермен және ақын өмірінен сыр шертетін экспонаттармен танысты. Мерекелік бағдарлама әрі қарай «Абай әлемі» республикалық байқауымен жалғасын тапты.

Абай күні – ұлы ойшылдың мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды мереке ретінде жыл сайын атап өтіледі.