08
Маусым

Шымкент қаласында «ақжолдық» маслихат депутатының қатысуымен кәсіби бокс кеші өтті

8 маусым 2024 жылы  Шымкент қаласының "Көрме" орталығында кәсіби бокс кеші өтті. Кешке "Ақ жол" ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық "Бокс" федерациясының президенті Батырбек Әшірбаев пен  Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Дулат Қуашбаев қатысты. Кеш  аясында Қазақстанның перспективалы боксшылары алыс және жақын шет елдердің тәжірибелі қарсыластарымен жекпе-жек өткізді.

Іс – шараның құрметті қонағы – Цзю Константин Борисович. Турнир аясында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытайдан келген мықты боксшылардың қатысуымен сегіз жекпе-жек өтті.