"1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне" байланысты Шымкент қаласында балалар арасында шахматтан турнир өтті. Іс-шара "Ақ жол" ҚДП Шымкент қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды. Ал Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Шымыров жарысқа балаларды шахматпен қамтамасыз етіп, демеушілік жасады. Турнирге 300 бала қатысып, өзінің интеллектуалды қабілеті мен шеберлігін көрсетті.
Іс-шарада "Ақ жол" ҚДП сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Ноян Назарұлы Төлегенов сөз сөйлеп, балаларды мерекелерімен құттықтап, шахмат турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.
Осындай жарыстар балаларымызды
салауатты өмір салтына қарай бұрылуына септігін тигізері сөзсіз
және жалғасын табады деген сенімдеміз.