10
Шілде

Шымкент қаласында «Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның» кезекті отырысы өтті

10 шілде 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Бүгін, 10 шілде 2024 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында "Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның" кезекті отырысы өтті. Отырысқа "Ақ жол" ҚДП сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі Ноян Назарұлы Төлегенов қатысты.

Бүгінгі комиссия отырысының күн тәртібінде 10 мәселені қарау ұсынылды. Оның ішінде өзекті мәселенің бірі, тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту және отын шығынының базалық нормасын және газ пропан бағасын қайта қарау мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне сәйкес, жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде №16, №66, №70, №71, №69 бағыттағы автобустардың сызбалары мен кестелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.