24
Маусым

Шымкент қаласында тұрақты комиссиясының отырысы өтті

24 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

2025–2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 76 мамандық пен 99 біліктілік бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына алуға 29 колледж 11 814 орынға өтінім берген болатын.

Комиссия отырысының 2025 жылғы 12 маусымдағы шешіміне сәйкес, еңбек нарығының сұранысына сай 8 000 мемлекеттік грант қаралған еді. Ал екінші отырыста белгіленген Қағидаларға сәйкес, ақпараттық карта негізінде ұсынылған мәліметтер талданып, конкурстан өткен 26 колледжге грант бөлу туралы шешім қабылданды.

Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Аяқ киімді жеке тапсырыспен тігу және жөндеу шебері», «Ортопедиялық аяқ киімді тігу және жөндеу шебері», сондай-ақ «Киім дизайны» бағыты бойынша «Техникалық және көркем эскиздер орындаушысы», «Киім мен аксессуарлардың декораторы» сияқты мамандықтар бойынша жаңадан лицензия алынды. Мақсат – сұранысқа ие бағыттар бойынша білікті кадр даярлау. Комиссия жұмысындағы ерекшелік те – грант бөлуде жұмысшы мамандықтарға баса мән берілуі.

Аталған жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы және Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы қатысты.