21 сәуір 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қаласының белсенді жас кәсіпкерлері қайырымдылық бастамасын қолға
алып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көңіл-күй сыйлады. Ізгі ниетпен өткен
кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, қызықты ойындар ойнатылды.
Шара барысында балалар үшін арнайы мерекелік түскі ас ұйымдастырылып,
дастарханға палау мен кәуап тарту
етілді. Белсенді жастар мен балалар бірге волейбол ойнап, көңіл көтерді.
Игі іске «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері де қолдау
білдірді.
Сонымен қатар, заңгер Данара Саранова балаларға арналған танымдық тренинг
өткізіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Қайырымдылық кездесудің басты мақсаты — балаларға жан жылуын сыйлап, оларға
қамқорлық көрсету болды.


