28
Мамыр

Шымкентте «Ақжолдық» депутаттар комиссия отырысына қатысты

2024 жылдың 28 мамыр күні Шымкент қаласы мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының күн тәртібіне енгізілетін мәселелерді қарау бойынша жиын өтті. Комиссия отырысына "Ақ жол" депутаттық фракциясының жетекшісі Исламбек Төлебаев пен "Ақ жол" ҚДП сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Мұхтар Шымыров пен Дулат Қуашбаев қатысты.  Тұрақты комиссияда Бахадыр Нарымбетов төрағалық етіп,  депутаттар күн тәртібіндегі Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы мәселені талқылады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасалды. Бүгінгі таңда қалада құны 129,2 млрд.теңге құрайтын 58 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, бюджеттен төлемдерді қажет ететін 36 жоба және төлемдерді қажет етпейтін -22 жоба бар. Бүгінгі күнге 16 жоба аяқталып, ал 19 жобалары іске асырылуы жалғастырылуда.