04
Шілде

Шымкентте есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесі жарты жылдық жұмысын қорытындылады

4 шілде 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Наурыз айынан бері жұмыс істеп келе жатқан үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы нәтижесін жариялады. Кеңестің басты мақсаты – жастарды есірткі қатерінен қорғау үшін полиция, азаматтық сектор және жастар бастамаларын біріктіру.

14 мүшеден тұратын кеңес құрамында мәслихат депутаттары, спортшылар, блогерлер, журналистер, сала мамандары бар. Олар қала мектептері мен жоғары оқу орындарында семинарлар, спорттық жарыстар, экологиялық және патриоттық акциялар ұйымдастырып келеді. «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен 10-нан астам ірі шара өткізілді.

Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, 200-ден астам есірткі жарнамасы бар жазбалар жойылды. Бұл – тек визуалды үгітке қарсы күрес емес, қоғамның қылмыстық идеологияға төзбеушілігін білдіреді.

Кеңес жұмысы – бір реттік емес, жүйелі алдын алу мен сенімге негізделген полиция мен қоғам арасындағы нақты әріптестік.

Кеңес мүшелері қатарында кеңес төрағасының орынбасары – полиция өкілі «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының заңгері Данара Саранова да бар.