4 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай
Шымкент қаласындағы «Ту тұғыры» алаңында салтанатты іс-шара өтті.
Аталған шараға «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы
да қатысты. Партия филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы мен
кеңсе қызметкерлері де іс-шараға қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген
құрметтерін білдірді.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен бірлігін
бейнелейтін аса маңызды құндылықтар.