17
Маусым

Шымкентте қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру мақсатында жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

17 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Басқосуға Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жанзахов Досымхан Несіпбайұлы, сала мамандары және қоғам белсенділері қатысты.

Отырыста қалалық қоғамдық көліктің қызмет сапасын арттыру, электронды төлем жүйесін жетілдіру, жолаушылардың қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету секілді өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру мен цифрлық қызметтерді дамыту жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.

Шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы қатысып, өз пікірін білдірді. Ол халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын айтты.

Жиын қорытындысында қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды әзірлеу тапсырылды.