13 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты А.Навои атындағы №11 жалпы
орта білім беретін мектепке депутаттар барып, оқу орнының жаңа оқу жылына
дайындығын тексерді.
Мектепке арнайы келген делегация құрамында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық
филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев,
төраға орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов, «Аманат» партиясынан қалалық
мәслихат депутаты Дария Пернешқызы Қожамжарова, сондай-ақ қалалық қоғамдық
кеңес мүшесі Баршагүл Қашқынқызы Исабек болды.
Аталған азаматтар оқу кабинеттерін, спорт және акт залдарын, кітапхана мен
асхананы аралап көрді. Мектептің материалдық-техникалық базасымен танысқан олар
білім ошағының жаңа оқу жылына толық дайын екенін атап өтті.



