Бүгін, 8 маусым 2024 жылы Шымкент қаласы
мәслихатының депутаты,
“Ақ жол” депутаттық фракциясының жетекшісі Исламбек Насруллаұлы Төлебаев қаламыздағы №3 мөлтек ауданының тұрғыны Шалабаева Шырынның үйіне барып, оның жағдайын өз көзімен көріп қайтты. Кездесуде Ш.Шалабаева үш қызының денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі екенін, сондай-ақ, үйінің құбырларын қайта жөндеуден өткізіп беруді өтінді. Үйіндегі құбырлары істен шыққандықтан, қыздарын арнайы интернаттан өз қарамағына ала алмай отырғаның жеткізді, халық қалаулысына бұл жағдайдың шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Исламбек Насруллаұлы мәселенің шешу жолдарын қарастырып, Ш.Шалабаеваға қыздарын өз қарамағына қайтарып алуына қөмек көрсететінің жеткізді.