2022 жыл 24 тамыз,
«Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев
Шымкент қаласындағы іс-сапар барысында «АЛАШ» сауда орталығындағы кәсіпкерлермен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
Кездесуде кәсіпкерлер тауар бағасының қымбаттығы көтерме
сауда бағаларының өсуінен екенін алға тартты. Сондай-ақ кәсіпкерлер мораторийге
байланысты салық төлемесек те, сауда
орынын жалға алу ақысының өзі қымбат және оған қоса электр қуатына төленетін
шығын ай сайын 25-35 мың теңге құрайтынын айтады.
Азат Перуашев көтерілген мәселе бойынша жергілікті
мәслихат депутаттарына тапсырма беріп,
орындалу барысы бойынша баяндама жасау
туралы ескертті.
Мұнан соң партия төрағасы Азат Перуашев «Дархан-Групп»
ЖШС директоры Н.Досанбаевпен кездесіп, қазіргі уақытта мемлекет балансына өткен
«Фосфорник» атындағы мәдениет сарайының мәселесі туралы әңгімелесті.
Кәсіпкердің айтуынша бүгінгі таңда ғимарат талан-таражға
түсіп, оны қалпына келтіру үшін ешқандай шара қолданылмай отыр.
«Ақжолдықтар» ғимараттың жағдайын көру үшін «Фосфорник»
сарайына барып, шағын аудан тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ кездесуге
«Фосфорник» сарайының бұрынғы қызметкерлері де келді.
Депутат «Фосфорник» сарайының миллиардтаған доллар қарызы
бар екені белгілі болғанын айтып, алдымен банкроттық рәсімнен өткізіліп, кейін
қалған мәселелерді шешу керектігін сөз етті.
Сонымен бірге Азат Перуашев «Отырар» телеарнасының «Халық
пен билік» бағдарламасы мен «ELITAR»
ақпараттық сайтының «Подкаст» тікелей эфиріне қатысып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.