30 шілде 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы⠀
Шопан ата қорымы Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіші
болып табылады. Аталған аумақты абаттандыру, тазалығын сақтау, келуші туристер
мен қонақтарға жайлы жағдай жасалған. Бұл тарихи аумаққа адам мәйітін қоюға
тиым салынғандықтан жергілікті әкімшілік аталған аумақтың сол жағынан қорымға
арналған жеке қосалқы жер бөлген. Ал мұнда шырақшы мен келушілерге арнайы
дәретхана салу күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі болатын.
Аталған мәселе “MunaiFieldService” ЖШС бас директоры, әрі “Ақ жол”
партиясының Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Белшер Нұрлан Түкмағанбетұлының
бастамасымен жүзеге асып, қорым келушілеріне арналған ыңғайлы дәретхана
құрылысы жүріп жатыр.
Депуатат Белшер Нұрлан Түкмағанбетұлы әріптестерімен бірге Шопан ата қауымы
басындағы аталған нысанның құрылысымен танысып, жұмыс барысын тексерді.









