18
Сәуір

ШҚО: «Ақ жол» партиясының 20 жылдығына ұйымдастырылған шағын футбол турнирінің жеңімпаздары анықталды

18 сәуір, 2022 жыл «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен биылғы жылдың 8 сәуірінде «Ақ жол» партиясының 20 жылдық мерейтойына  арналған шағын футболдан турнир басталған болатын.

Сәуірдің 9-10 күндері турнирдің 1/4, 1/2 матчтары өтіп, 16-17 сәуір күндері финал ойыны болып, жеңімпаздары анықталды.

Турнирдың басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, өңірдегі шағын футбол спорт түрін дамыту.

Облыс бойынша 16 жастар командасы мен 4 ардагерлер командасы қатысқан турнирдың жалпы нәтижесі бойынша жастар командалары арасынан «Металлург» ӘФК I орынға ие болды. «Динамо ДП» ӘФК II орынға, «Марқакөл» ӘФК III орыннан көрінді. Ал ардагерлер командалары бойынша I орынды "Кеден Masters", II орынға "Aқ жол", III орынға "Тұғыл" жайғасты.

Спортшылардың шеберлігіне байланысты жастар арасынан «Үздік қақпашы» - Фадеев Валерий (Металлург), «Үздік қорғаушы» - Искаков Мансур (Динамо ДП ШҚО), «Үздік шабуылшы» - Рыкунов Кирилл (Металлург), «Үздік ойыншы» - Айтжанов Елдос (Марқакөл) иеленді.

Ардагерлер командаларынан «Үздік қақпашы» - Кемешев Сымбат (Кеден Masters), «Үздік қорғаушы» - Орлов Дмитрий (Тұғыл), «Үздік шабуылшы» - Смагзамов Руслан (Ақ жол), «Үздік ойыншы» - Нурбаев Аскар (Кеден Masters), Валерий (Металлург) бұйырды.

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль мен кубок табысталып, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.