27 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Облыстық филиал өкілдері Алтай ауданындағы мектептердің тәжірибесімен
танысты. Мысалы, Жаңа Бұқтырма кентінде дене шынықтыру сабақтарында оқушылар
«лянгі», «бестас», «асық ату» және «садақ ату» сияқты ұлттық ойындарды ойнап,
спортпен қатар ұлттық құндылықтарды меңгереді. Садақ атуды облыстық филиал
төрағасы Қажұмхан Қайырденов пен төраға орынбасары Меруерт Смағұлова да байқап
көрді.
Сонымен бірге мектепте ұлттық қолөнерге баулитын үйірмелер жұмыс істейді.
Балалар ши өріп, жүннен сурет жасайды, сондай-ақ Абайдың 180 жылдығына арналған
спектакль қойып, үлкенге бата беруді үйренуде.
Партия өкілдері бұл бастамаларды жастардың ұлттық рухын көтеретін, дәстүр
мен тілді сақтап, дамытуға бағытталған маңызды қадам деп бағалады.





