28 тамыз 2025 жыл, Шығыс
Қазақстан облыстық филиалы
Қазақстан Республикасының
Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында «Өңір дауысы:
Қоғамдық кеңестер – өзгерістер драйвері» атты аймақтық Азаматтық форум өтті.
Форум мемлекет пен азаматтық
қоғам арасындағы ашық диалогқа арналған маңызды алаңға айналып, үкіметтік емес
ұйымдар, саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары мен сарапшылар
қауымдастығынан 100-ден астам қатысушыны біріктірді.
Форум спикерлері мен қонақтарының
қатарында – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының
орынбасары Бибігүл Жексенбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық
қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова, Қазақстан Азаматтық
альянсының президенті Бану Нұрғазиева болды.
«Ақ жол» партиясының ШҚО филиалы
атынан форум жұмысына филиал төрағасының орынбасары Меруерт Смағұлова қатысып,
мұндай диалог алаңдарының мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестікті
нығайтудағы маңызын атап өтті.



