26
Мамыр

Шыңғыс Риаханов «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің хатшысы болып сайланды

26  мамыр 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі Пленумының шешімімен Шыңғыс Риаханов «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің хатшысы болып сайланды.

Риаханов Шыңғыс Нұртасұлы, «Ақ жол» демпартиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы. Ол Мичиган университетінің түлегі, саяси ғылымның кандидаты, құрылыс, ІТ саласында кәсіпкер.