7 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін «Ақ жол» партиясынан Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатына сайланған депутат Ауес Жоламан Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жіберілетін қорға азық-түлік, жылы киімдер алып беріп, қайырымдылық іске өз үлесін қосты.
Су тасқынынан
зардап шегіп жатқан өңірлердің тұрғындарына қолдау көрсету - азаматтық
парызымыз! Көмек көрсетіп жатқан әрбір азаматқа мың алғыс.