5 қараша 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
4-5 қараша күндері Семей мен Өскемен қалалары жастарының сайлау алды Электоралдық «Level UP өткізілді. Оған сайлау комиссиясы өкілдері, мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қатысты.
Онлайн кездесуді «Ақ жол» партиясының Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, заң ғылымдарының докторы, «Қазақстандық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қор» ҚҚ жетекшісі Қуат Рахымбердин жүргізді. Жиында сайлау процесінің ашықтығына қатысты бірқатар мәселелерді талқыланды.
- Жастардың саясатқа деген көзқарасын өзгерту, егер олар өздерін мемлекетте болып жатқан барлық процестердің нақты қатысушысы және субъектісі ретінде сезіне алса ғана мүмкін болады деп санайды. Сайлауда ұрпақтардың бүгіні мен болашағы шешіледі. Сайлау бір күндік шара емес екенін түсіну маңызды. Сайлау - бұл қоғамдағы басқарушылық қатынастарды реттеу бойынша күнделікті жұмыстың нәтижесі. Сондықтан біздің жастарымыз сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың лайықты қатысушысы болуға дайын деп ойлаймын - деді «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Талғат Құрманғалиев.
Ал филиал төрағасының орынбасары Бүркіт Сұлтанов алдағы парламенттің төменгі палатасына, сондай-ақ жергілікті мәслихаттарға сайлаудың тарихи маңыздылығын атап өтті.
Сайлау процесінің жас қатысушылары, заңгерлер мен қоғамдық бақылаушылар сарапшыларға сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығы, сайлау заңнамасындағы жаңалықтар туралы әр түрлі сұрақтарын қойды.
Айта кетейік «UP Level» қатысушыларына жастармен жұмыс жүргізудің жаңа форматы ұнады.