28
Қыркүйек

Өскеменде халықаралық «Altai Invest-2025» инвестициялық форумы өтті

28 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Іс-шараға Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия, АҚШ, Армения және басқа елдерден делегациялар қатысты.

Форум аясында жалпы құны 739,6 млрд теңгені құрайтын 41 меморандумға қол қойылды. Құжаттар гидроэнергетика, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де маңызды салаларды қамтиды.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, «Altai Invest-2025» — бұл жай ғана іскерлік кездесу емес, бұл жаңа идеялар туатын, маңызды келісімдер жасалатын және өңірдің болашағын айқындайтын мүмкіндіктер алаңы».

Осы форумға ШҚО филиалының өкілдері де қатысты.

«Ақ жол» – әрқашан бизнестің партиясы, сондықтан мұндай алаңдарда кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, жаңа бастамаларды қолдау – біздің басты міндетіміздің бірі.