24
Мамыр

Соңғы қоңырау – жаңа белестердің бастауы!

24 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

2025 жылдың 24 мамыр күні, Семей қаласындағы №37 мектеп-гимназиясында салтанатты соңғы қоңырау шарасы өтті. Бұл ерекше күнге аталмыш білім ордасында ұстаздық қызмет атқарып жүрген, сондай-ақ “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы жастар кеңесінің төрайымы — Бинұр Ахатқызы қатысты.

Бинұр Ахатқызы мектеп ұжымын, оқушыларды және ата-аналарды осы маңызды күнмен құттықтап, шәкірттерге алдағы өмір жолында сәттілік пен жарқын болашақ тіледі.

Айта кетерлік жайт — №37 мектеп-гимназиясы биылғы жылы еліміздегі үздік 100 мектептің қатарына еніп, білім сапасы мен тәрбие ісінде зор жетістікке қол жеткізді. Бұл — мектеп ұжымының тынымсыз еңбегінің және оқушылардың үздіксіз ізденісінің нәтижесі.