07
Маусым

Сот қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен белсендіні ақтап шықты - 'qazaquni.kz'

07.06.2019

https://qazaquni.kz/2019/06/07/100801.html 

Жұлдызай қолдау білдірген Ақжолдықтарға және ұлтшыл азаматтарға алғыс айтты.

Өскемен қаласында тұратын тіл жанашыры Жұлдызай Форттың бұған дейін Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін үстінен арыз түсіп, сотқа тартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бүгін тіл жанашыры Жұлдызай Форт редакциямызға хабарласып, сот отырысының сәтті өткенін айтты.

– Сот отырысы бүгін сәтті өтті – мені ақтады! Шынын айтқанда, қоғамдық резонанс туып, қазақтар мені қорғап қолдамағанда, мәңгүрттер соттап жіберер еді. «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары Қазыбек Иса мен Ермұрат Бәпи ағаларымызға, Руза Бейсенбайтегі, «Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов және қол ұшын берген барлық тіл жанашырлары мен қоғам белсенділеріне шексіз алғыс айтамын, – деді Жұлдызай Форт.