3 қазан 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Ұстаздар күніне орай білім саласының ардагерлері мен ұстаздарына құрмет
көрсетілді. «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған Бөрлі аудандық
мәслихат депутаты Серік Дүйсенов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап,
олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіне ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, ҚДП «Ақ жол» Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы
С.Мерғалиевтің атынан бірқатар мұғалімдерге Алғыс хаттар табыс етілді.
Бұдан бөлек, депутат Серік Дүйсенов №3 мектепке арнайы үстел теннисі сыйға
тартты. Бұл тарту оқушылардың спортқа қызығушылығын арттырып, бос уақытын
тиімді өткізуге мүмкіндік бермек.



