7 сәуір 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, облыстық мәслихат
депутаттары — «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Саят
Сыздықов пен Омар Шоназаров, сондай-ақ Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай
бастаған делегация су тасқынының алдын алу мақсатында Сандықтау ауданына
іссапармен барды.
Делегация Жабай өзені бойындағы еріген қар суының қозғалысын бақылап,
жағдай тұрақты екенін атап өтті. Сонымен қатар Балкашино ауылында жағалауды
нығайту, өзен арнасын тереңдету, жайылымды тазарту жұмыстары таныстырылды.
Каменка ауылдық округінде Сарқыраманың арнасы мен аспалы көпірдің жағдайы
тексеріліп, апаттық медициналық амбулаторияға барды. Сапар Максимовка ауылдық
округіндегі жағалауды инертті материалмен нығайту жұмыстарының қарқынды жүруімен
аяқталды.
«Ақ жол» партиясы тұрғындардың қауіпсіздігі мен табиғи апаттардың алдын
алуды әрқашан басты назарда ұстайды.