04
Желтоқсан

«Сіздер әлдебір «Штрафстан» жасап жатырсыздар!» - Usbanov ARNASY

«Ақ жол» фракциясы қомақты айыппұлдары үшін ӘҚбтК-не өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қолдамады. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев былай дейді:

«Ақ жол» фракциясы бұл заң жобасына ҚАРСЫ дауыс береді. Себебі, осы заң жобасына «Ақ жол» партиясының депутаттары кәсіпкерлеге салатын артықша ауыр айыппұлдарды 3-5 есе азайту туралы бірнеше түзету ұсынған. Өкінішке қарай, не жұмыс тобы, не Мәжілістің Бюросы осы айыппұлдарды казіргі ауыр көлемінде қалдыруды қалады.

«Ақ жол» фракциясына 2 мыңнан астам кәсіпкерден аталған айыппұлдарды азайтуды сұраған өтініштер түскен. Олардың айтуынша, айыппұлдар заңсыздықтың алдын алу үшін емес, бақылау органдарының бопсалауы үшін қызмет етеді. Өйткені бағадағы қателік үшін 700 мың теңге төлеуден гөрі, тексерушіге 100 мың бере салған оңай. Сондықтан, бұл нормалар бүгінде алдын алу үшін емес, бизнесті бопсалау үшін қолданыла бастады», - дейді.