«Тақиялы періште» – 80 жаста - Ана тiлi
Талдықорғанда ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбековтің 80 жасқа толған мерейтойы аталып өтті.
«Тақиялы періште» деп атап кеткен құрметті азаматтың мерейтойына «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев арнайы келіп ізгі лебізін білдіріп ат мінгізді. Ұзын саны 13 фильмге түскен Әлімғазы Райымбековтің әрбір образынан оның жүрек түкпірінде жатқан тектілік пен тазалықты аңғару қиын емес.
Дерекнама - Ана тiлi (Алматы), № 44 (1302), 05.11-11.11.2015