Талғар түйткілдері талқыланды - Казак унi
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков Талғар ауданында ресми іс-сапармен болып қайтты, Ауданда өткен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында басты үш мәселе талқыланды.
Атап айтқанда, ҚР «Бюджет және экология» заңнамаларының кейбір талаптарының жергілікті жерде орындалмауы, екінші мәселе, Талғар ауданындағы кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы биліктің арасындағы қарым-қатынас, соның ішінде, жер қатынастары саласындағы, егжей-тегжейлі жоспарлау мәселелері, жер телімдеріне жер пайдалану құқығын алу және созуға арыздарды қарау мерзімдеріне байланысты проблемалық сұрақтар қаралды. Ал, үшінші мәселе агроөнеркәсіп нысандарын субсидиялау саласында туындайтын кәсіпкерлердің проблемалық сұрақтары қаралды. Жиын барысында қаралған бірқатар өзекті сауалдарға мәжіліс депутаты Н.Жазылбеков өз пікірін ортаға салып, кәсіпкерлердің де ойын тыңдап, бүл мәселелерді ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында көтеретіндігін айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға және кәсіпкерлерді заңсыз тексерістерден қорғауға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді. Жиын соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің тарихымен танысты.
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 45 (699), 10.11.2015