28 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
“Ақ жол”ҚДП Жамбыл облыстық филиалының Жуалы ауданындағы үйлестірушісі
Талғат Қуатбеков Жуалы аудандық полиция бөлімі рейд жүргізіп анықтаған пайдалы
қазбаларды заңсыз игеру фактісі бойынша зерделеу жүргізді.
“Жуалы ауданы Көксай шатқалындағы демалыс орнына баратын 18 шақырым жолға
асфальт төселген. Жолға мердігер компания құм-қиыршық тастарды тау бөктерінен
алып төсеген. Ауданда ресми түрде тіркелген карьер жоқ. Мердігерлер қиыршық
тастарды рұқсатсыз пайдаланған. Мұны алдымен полиция бөлімінің мамандары
анықтап, облыстық экология департаментіне хат жолдаған. Облыстық табиғатты
реттеу басқармасының 24 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, 180 куб тас өндіріліп,
81866,88 теңге шығын келтірілген. Ал 5 мамырдағы дерек бойынша шығын 10909,6
теңгеге жеткен. Негізі құм-қиыршық тас кең таралған пайдалы қазбалар тізіміне
енетіндіктен, тізімдегі пайдалы қазбаларды рұқсатсыз пайдалану нәтижесінде
келтірілген залал 10 есе мөлшерінде есептеледі. Бұл жерде шығын дұрыс
есептелмеген”, - дейді Талғат Қуатбеков.
Талғат Қуатбеков тиісті органдардан осы мәселеге қатысты тексеріс жүргізіп,
шара қолдануды сұрайды.


