08
Маусым

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАЭКВОНДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ - qazaquni.kz

https://www.facebook.com/share/p/3o2YGAQmtRtqEkXK/?mibextid=WC7FNe 

Кеше 8 маусымда Жер жәннаты Жетісу жерінде, тамаша қала Талдықорғанның төрінде таэквондодан республикалық ашық турнир ту көтерді.

Еліміздегі барлық облыстан  550 спортшы қатысқан доданың салтанатты ашылуында Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, Жетісу облыстық таэквондо федерациясының Құрметті президенті,  “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев және ҚР таэквондо федерациясының вице-президенті, таэквододан қазақтың тұңғыш олимпиада жүлдегері Арман Шылмановтар мұзбалақ Мұстафа Өзтүріктің ізбасарларына Ақ тілек айтып, Ақ жол тіледі.

ҚР мәслихатының 30 жылдығына арналған республикалық дүбірлі доданың өтуіне қолдау көрсеткен Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаевқа, Жетісу облыстық мәслихаты төрағасы Гүлнар Тойлыбаеваға және республикалық турнирдің  ұйымдастырушысы Жетісу облыстық таэквондо федерациясының президенті,

“Ақ жол” партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Қайыр Қажиға көп рахмет!

Екі күнге созылған республикалық турнирдің бүгінгі жарыстарына ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасы Азат Перуашев қатысты.  Азат Тұрлыбекұлы жарысқа қатысушы еліміздің таэквондошыларына жеңіс тілеп, сөз сөйледі. Жетісу облыстық таэквондо федерациясының президенті Қайыр Қажиды “Ақ жол” партиясының Алаш арыстарының құрметіне арналған “Қазақ Республикасына 100 жыл” алтын медалымен марапаттады.

Жетісу жерінде өтіп жатқан таэквондодан республикалық ашық турнирдің жеңімпаздары бүгін анықталады.