5 қазан 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы
Жамбыл облыстық орыс драма театрында "Азапқа апарар жол" атты спектакльдің тұсауы кесілді. Идея авторы Азат Перуашев, сценарийін жазғандар Евгений Кинцель, Арман Сқабылұлы.
Қойылым Алаштың біртуар азаматы, халық әншісі, өмірі күреске толы Әміре Қашаубаев жайлы. Оның трагедияға толы өмірінен тек бір адамның емес, «Алаштың» бар азаматының ауыр тағдыры бейнеленеді.
Алаш арыстары жайлы қойылымның орыс тілінде болғанына қарамастан, зал көрерменге лық толы болды.