Тарихшы тағылымы - Казак унi (Алматы)
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып Ермұхан Бекмахановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді
Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Ғ.Мұтанов, Мәжіліс депутаты Н.Жазылбеков, жаушы М.Сәрсеке, Е.Бекмахановтың жұбайы, профессор Х.Бекмұхамедова, көрнекті ғалымдар және қоғам қайраткерлері, ғалымның шәкірттері Т.Тұрлығұлов, Г.Жұматов, М.Асылбеков, Т.Қаратаев, С.Мәжитов катысты.
Конференция бағдарламасы бойынша «Е.Бекмахановтын еңбектеріндегі Қазақ хандығының проблемалары», «Қазақтар — екінші дүниежүзілік соғыста», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің тарих, археология және этнология саласындағы ғылыми жобаларын іске асырудағы рөлі» сияқты секциялар жұмыс істеді..
Нұрлан Жазылбеков пленарлық отырыстағы сөзінде академик Е.Бекмахановтың Қазақстанның тарихи ғылымының дамуына баға жетпес үлесін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Ақ жол» Демократиялық партиясының Қазақстанның Қазақ хандығынан баётап қазіргі кезеңге дейінгі тарихын зерттеу және көпшілікке таратуда ынтымақтастықтың маңызын атад өтті. Академик Е.Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойының тойының құрметіне «Ақ жол» Демократиялық партиясынан бірқатар студенттерге атаулы шәкіртақылар тапсырылды.
Конференцияда сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін, ғылым-білімнің сапасын арттырудың өзекті проблемаларын шешу туралы сөз болды.
Ермұхан Бекмаханов қазақстандық тарихнамада көрнекті орын алады, ол — қазақтар арасынан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы, республикадағы бірінші Қазақстан тарихы кафедрасының негізін қалаушы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі. Өзінін қысқа ғұмырында (1915-1966) дара дарындылығының, таусылмайтын жігерінің және туған халқының тарихына деген үлкен сүйіспеншілігінің арқасында ұлтымыздың тарих ғылымына сүбелі үлес қосты. Тарихшы тағылымы бүгінгі жас ғалымдарға үлкен үлгі, лайықты өнеге екені атап өтілді.
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 12 (671), 31.03.2015