6 мамыр 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Тасқала ауданында жаппай
жаяу жүгіруден аудан біріншілігі өтті.
Мерекелік рухта өткен бұл спорттық шараны “Ақ жол” партиясынан сайланған
депутаттар мен Тасқала аудандық спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарысқа әр жастағы тұрғындар
белсене қатысып, белсенділік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен
марапатталып, лайықты құрметке ие болды.

