26 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
26 сәуір күні Абай облысында үлкен сенбілік өтті!
Іс-шараға мәслихат депутаттары, "Ақ жол" Демократиялық
партиясының Абай облыстық филиалының мүшелері және облыс әкімі арнайы қатысып,
ортақ іске үлес қосты.
Сенбілік тек орталық көшелерді ғана емес, қаланың шет аймақтарын,
саябақтарды, қоғамдық орындарды да қамтыды. Әрбір тазартылған көше — туған қаламызға
деген махаббаттың белгісі!
Бұл сенбілік тек тазалық шарасы емес, бұл — ауызбіршіліктің, жанашырлықтың
және жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.
Таза қала — әрбір тұрғынның мақтанышы!
Сол үшін баршамыз бірге еңбек етіп, болашақ ұрпаққа көрікті Семейді
қалдыруды мақсат еттік.
Бірге тазалық үшін — бірге жарқын болашақ үшін!
Барша қатысушыларға алғысымыз шексіз!




